Президенттік клиниканың шақыртуымен келген маман, сондай-ақ И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің Нефрология және диализ кафедрасының меңгерушісі, профессор Ашот Есаян бізге бүйрек ауруының жүрек ауруына әкелуі, нефрологтардың аутоиммунды ауруларды емдеуге тигізетін көмегі туралы әңгімелейді.
Біз дәрігермен Президенттік клиникада өткізіп жатқан шеберлік-класы кезінде әңгімелестік: «Дәнекерлік тіннің аутоиммунды ауруларын диагностикалау мен емдеудегі заманауи тәсілдері. Ревматологиялық және нефрологиялық аспектілер»:
Бүйрек – бар-жоғы 250 грамм ғана салмағы бар орган. Жүрек минутына 6 литр қанды айдаса, оның төрттен бір бөлігі, яғни бір жарым литрі бүйрекке келеді, аталған органға түсетін жүктеме қандай деп ойлайсыздар? Бүйрек көптеген жүйелер мен органдарды реттеуге қатысады, бұл тек несептің бөлінуі, судың бөлінуі, электролиттер ғана емес, сондайдай-ақ эндокриндік жүйе. Ол эритропоэтин синтезі бойынша (бұл гормон эритроциттердің пайда болуына қатысады), D витаминінің белсенді түрін синтездеу, глюкоза метаболизмі бойынша функцияны атқарады.
Сонымен қатар, бұл бүйрек функциясы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупіне байланысты өте тығыз байланысты. Екінші жағынан, жүрек-тамыр патологиясы да бүйректі зақымдаушы фактор болып табылады. Осылайша, жүрек-тамыр жүйесі және несеп шығару жүйесі өзара өте тығыз байланысты.
Егер ревматикалық аутоиммунды аурулардың бүйрекке әсері туралы айтатын болсақ, бірінші кезекте, әрине, васкулитті айтып өту керек. Ол кезде ұсақ тамырлар зақымданып, бұл бүйректің ауыр патологиясын тудырады – некрозды пиелонефритті дамытады.
Бұл аутоиммунды процесс: ағзада бүйрек тінінде, түйнектерде жинақталатын антиденелер, иммундық кешендер пайда болады және ауруды дер кезінде емдеуді бастамаса, олардың ауыр зақымдануын тудырады, тез солуына алып келеді. Нефрологтар өзге ревматикалық аутоиммунды ауруларға да немқұрайлы қарамайды, себебі көптеген созылмалы артриттер (ревматоидты артрит, спондилоартрит) амилоид түзілуіне итермелейді (қан тамырларының қабырғаларында және ағзалардың қабырғаларында жиналатын полисахарид). Сондай-ақ, ол бүйректе шөгіп, бүйрек жетіспеушілігін тудыруы мүмкін, сондықтан осы тұрғыда нефрологтар ревматологтармен тығыз жұмыс істеуі тиіс. Президенттік клиникада өткен шеберлік-класс апталығы дәл осы тақырыпқа арналды.