1929 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жүйесі өзінің дамуын шағын амбулатория ашудан бастады. 1932 жылы Халық Комиссарлары Кеңесінің отырысында Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Іс Басқармасы құрамында Санитариялық басқарма құру туралы шешім қабылданды. Ал 1933 жылы стационарлық корпус салынып, амбулаториямен біріктірілген Халық Комиссарлары Кеңесінің Санитариялық басқармасының ауруханасы ретінде жұмысын бастады.
Ұлы Отан соғысы кезінде аурухана барлық елмен бірге майданда белсенді жұмыс істеді. Кейінгі жылдары аурухана кеңеюін жалғастырды, жаңа емдік және диагностикалық ғимараттар пайдалануға беріліп, материалдық-техникалық базасы жақсара түсті және пациенттерге медициналық көмек көрсету жетілдірілді.
1964 жылғы ақпанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан 4-ші Бас басқарманы құрды, ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы болып табылады.
Медициналық орталық бүгінде Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы беделді бренд, сондай-ақ ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаумен айналысатын ірі холдинг болып табылады. ҚР ПІБ Медициналық орталығы халықаралық сапа стандарттарына және госпитальдық сервиске сәйкес келетін медициналық, оңалту және білім беру қызметтерінің толық циклін көрсетеді. Барлық қызметтер клиникалық практика және білім беру саласындағы озық технологиялар мен инновацияларды қолданумен ұсынылады. Медициналық орталығы үш негізгі бағытта жұмыс істейді: клиника, ғылым және білім.
Медициналық орталықтың негізгі міндеттері медициналық, санаторийлік-курорттық қамтуды ұйымдастыру, халық денсаулығын нығайту және сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өңірлерге заманауи технологияларды трансферттеу, медициналық туризмді дамыту, ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.
Бүгінгі таңда Медициналық орталық тоғыз озық ұйымды біріктіреді: ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы (Астана қ.), Орталық клиникалық аурухана (Алматы қ.), «Оқжетпес» санаторийі (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы), «Алматы Resort» санаторийі (Алматы қ.), «Қазақстан» санаторийі (Ессентуки қ., РФ), «Қазақстан» санаторийі (Ыстықкөл көлі), Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы (Астана қ.), Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (Астана қ.), «Қарлығаш» балабақшасы (Астана қаласында үш филиал).
Соңғы жылдары Медициналық орталық өз қызметін кеңейтіп, Роботталған хирургияны оқыту орталығы, Ядролық медицина орталығы, Check-up диагностика бөлімшесі сияқты бірнеше жаңа мекеме ашты.
Медициналық орталықтың санаторийлік-курорттық ұйымдары заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, табиғи ресурстары бірегей әрі ерекше аумақтарда (Бурабай, Алматы, Ессентуки қ.) орналасқан және емдеу-сауықтыру іс-шараларының кең спектрін ұсынады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығында еліміздегі жетекші мектепке дейінгі ұйымдардың бірі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «Қарлығаш» балабақшасы Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудің инновациялық орталығы ретінде мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетеді. «Қарлығаш» балабақшасының педагогикалық тәжірибені тарату бойынша имидждік іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде үлкен тәжірибесі бар. Соңғы 4 жылда мектепке дейінгі мекеменің педагогтері өңірлік, республикалық және халықаралық форматтағы бірқатар іс-шаралар өткізді.
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) өз салаларында жоғары білікті сарапшылар – ғылым докторлары, PhD дәрежесінің иегерлері, DBА іскерлік әкімшілендіру докторлары, ғылым кандидаттары, MBA дәрежесінің иегерлері оқытуды жүргізеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы (СЭСО) халықаралық стандарттарға, Кеден одағы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына сәйкес санитариялық-бактериологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулер, гендік модификацияланған тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын бақылау жөніндегі зерттеулер, сондай-ақ физикалық факторларды өлшеуді жүргізеді. Орталық жоғары технологиялық аналитикалық заманауи зертханалық жабдықтармен және аппаратурамен жабдықталған, онда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық міндеттерді атқару мүмкіндігі бар.
2023-2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Медициналық орталықтың Қазақстан өңірлеріне сапарларды жоспарлады. Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауруларды алдын алу, диагностикалау және емдеуде, сауықтыру сегментінде тәжірибе алмасу және заманауи технологиялармен бөлісу, ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты нығайту.
Медициналық орталықта 6 мыңнан астам жоғары білікті қызметкерлер еңбек етеді. Медициналық орталықтың кәсіпорындары Joint Commission International, ISO, GPP, IIAC-MRA, EuroSPA халықаралық стандарттары бойынша аккредиттелген. Медициналық орталықтың қызметкерлері инновациялық жобаларға ұмтылумен, медицина ғылымының озық әдістері мен технологияларын қолданумен және күрделі клиникалық міндеттерді тиімді шешу қабілетімен ерекшеленеді.