Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы
Медициналық орталығы басшысының
2026 жылғы 17 сәуірдегі № 31 бұйрығына
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басты басымдықтары:
- мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың негізі ретінде ұлт денсаулығын сақтау және нығайту;
- баланың білім алу және өз қабілеттерін толық дамыту құқығы;
- мемлекеттің халықаралық имиджін қолдау.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (бұдан әрі – Медициналық орталық) – бұл Президент Іс басқармасының құзыреті шегінде медициналық (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды қамтамасыз етуді қоса алғанда), санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру қызметі саласында басшылық жүргізетін мемлекеттік орган.
Медициналық орталық «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын іске асырады, сапа менеджменті жүйесін, жобалық менеджмент және стратегиялық жоспарлау қағидаттарын нәтижелі қолдану арқылы тұтынушылардың қанағаттануын арттыруды мақсат етіп қояды және:
- Қазақстан Республикасы халқының инновациялық және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, озық медициналық, білім беру және зертханалық технологияларға қол жеткізуінің кепілі ретінде Медициналық орталық брендінің мәртебесін қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау және санаторийлік-курорттық қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшылармен әріптестік байланыстарды кеңейту;
- Медициналық орталықты және ведомстволық қарасты ұйымдарды басқарудың тиімді корпоративтік жүйесін құру арқылы меншікті экожүйені дамыту;
- Медициналық орталық жүйесiнде де, Қазақстан Республикасының ұқсас кәсiпорындарында да ғылымды, бiлiмдi және технологиялар трансфертiн ықпалдастыру;
- халықаралық, оның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен іс-шараларды қамту кезінде Қазақстан Республикасының жоғары беделін қолдау үшін жағдай жасайды.
Медициналық орталықтың мемлекеттік қызметшілері:
- ISO 9001:2015 стандартының талаптарын қоса алғанда, өз қызметінің заңнамалық талаптарға және өзге де қолданылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін мүлтіксіз сақтайды;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қабылданған Антына адал болып қалады.
Медициналық орталықтың басшылығы басқару жүйесін үнемі жақсарту бойынша міндеттемелерді және осы Сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін жауапкершілікті өзіне алады.