Қалпына келтіру кезеңі адам денсаулығы үшін өте маңызды. Аурудан кейін барлық адамдар өмірдің әдеттегі ырғағына қайта орала алмайды, әсіресе COVID-19 ауыр түрімен ауырғандар. Оларға ұзақ оңалту қажет. Мамандардың пікірінше, мұндай науқастарда тыныс алу функциясы төмендейді және ентігу пайда болады.
Алматы қаласындағы "Орталық клиникалық аурухана" (Совминка) базасында "Covid-19 кейін оңалту" бағдарламасы әзірленді. Оңалту курсына: нақты бағыттағы мамандардың кеңесі, ЕДШ, электротерапия, жарықпен емдеу, оксигенотерапия, галотерапия, дәрілік фонофорез, емдік массаж, ингаляциялық терапия, психотерапия, емдік тамақтану, тыныс алу гимнастикасы және тағы басқалар кіреді. Аурухананың реабилитолог дәрігері Дина Сейфуллинаның пікірінше, тыныс алу гимнастикасы өкпенің ашылуына ықпал етеді, нәтижесінде олардың дренаждық қызметі жақсарады.
"Көбінесе пациенттердің тыныс алуы өте қиын және бұл аурудың ауырлығына байланысты. Кейбір адамдар физикалық күш салғанға дейін тыныс алу қиын екенін түсінбейді, ал белсенді қозғала бастағанда, оларда ентігу пайда болады", - дейді дәрігер-реабилитолог.
Кейбіреулерінде құрғақ жөтел бар, ол да белсенді өмір салтын жүргізуге кедергі келтіреді. Пневмония кезіндегі инфекциямен интоксикациядан туындайтын әлсіздік пайда болады. Сондықтан тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Әр пациенттің жасы және патологиясына орай жаттығулар әртүрлі, болады. Сондықтан кешендерді құрастыру кезінде осы компоненттерді де ескеру қажет.
Тыныс алу жаттығулары өкпенің ашылуына ықпал етеді, олардың дренаждық қызметі жақсарады, бұлшықет икемділігі болуы керек. Яғни, негізгі тыныс алу бұлшықеттерінен басқа, қосымша бұлшықеттер де бар. Олар кеуде қуысының кеңеюіне, іштің, артқы бұлшықеттердің жұмыс істеуіне ықпал етеді, яғни өкпе тіндері мен тыныс алу бұлшықеттері үйлесімді жұмыс істеуі керек.
COVID-19 тыныс алу жүйесін нашарлатады. Сондықтан тыныс алу гимнастикасын таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
"Бұл жаңа ауру және әдебиетте оның жабық тізбектегі тыныс алу машиналарына немесе шарларды үрлеуге әлі дәлелденген әсері жоқ. Шарды үрлеген кезде біз өкпеге тым көп қысым жасаймыз, бұл әрдайым жақсы әсер етпеуі мүмкін. Шарларды үрлеген кезде бұлшық ет жұмыс істемейді", - деді Дина Сейфуллина.
Алматы қаласының климаттық жағдайлары гипотермия қауіпінсіз жыл бойы оңалтуды жүргізуге мүмкіндік береді. Клиникада соңғы технологиямен жабдықталған ЕДШ залы, физиотерапия бөлімі, балшық терапиясы, тұз шахталары бар. Аурухана мамандары терапевтік және хирургиялық бағыттағы науқастарды оңалтуда кең тәжірибеге ие. Аурухана аумағы Алматы қаласының мәдени орталығында орналасқан. Корпустары терренкурмен, пациенттердің демалу орындарымен қоршалған, соның ішінде: гүлзарлар және субұрқақ композициялары бар, олар тез емделуге және оңалтуға ықпал етеді.