Басты бетВакцинация-тұмаумен күресудің ең тиімді әдісі

Вакцинация-тұмаумен күресудің ең тиімді әдісі

ҚР ПІБ Медициналық орталығы тұмауға қарсы вакциналау үшін 7 мыңнан аса вакцина дозасын сатып алды. Тұмауға қарсы вакцинамен бекітілген контингентті жоспарлы вакцинациялау басталды. Бүгінгі таңда 2279 мемлекеттік қызметші егілді.

Қазақстанда жыл сайын халықты тұмауға қарсы егу жүргізіледі. Вакцинацияның бұл түрі суық тиіп аурудың алдын алу үшін жүргізіледі. Мамандар күзде вакцинация жасауды ұсынады. Дәл осы уақытта суық тию аурулары басталады.

Вакцинация бойында қарсы көрсеткіштері бар адамдардан басқа барлығына ұсынылады. Әсіресе тұмауға қарсы вакцинацияны келесі топқа жататын адамдар алғаны абзал:

- жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйесі органдарының созылмалы аурулары, бүйректің созылмалы аурулары бар ересектер мен балалар; - қант диабетімен ауыратын науқастар;

-  иммундық жүйе қызметі бұзылған ересектер мен балалар;

- мамандық ерекшеліктеріне байланысты көптеген адамдармен байланысатын адамдар (мұғалімдер, тәрбиешілер, сатушылар, медицина қызметкерлері және т.б.).

Бұл бағытта ведомстволық бағынысты ұйымдар-Медициналық орталықтың ауруханасы мен Орталық клиникалық аурухана тұмау және ЖРВИ-дің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізді. Медициналық ұйымдарда егу кабинеттері ашылып, жұмыс істейді, сондай-ақ егу материалдарымен, тоңазытқыштармен, термоконтейнерлермен, бір реттік қолдану материалдарымен және шокқа қарсы препараттармен жабдықталған көшпелі егу бригадалары вакцинация кестесін жасады.

"Қарлығаш" балабақшасымен Нұр-сұлтан қаласының №4 қалалық емханасы және "Шипагер" ОДА базасында ата-аналардың келісімімен жиі ауыратын, созылмалы аурулары бар және басқа да қатер тобындағы балаларға тегін негізде вакцинация жүргізіледі.

Сонымен қатар, ауруханаларда тұмауға қарсы вакцинамен бір уақытта бекітілген контингентті пневмококк вакцинасымен егу басталды. Пневмококк әлемде ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғышы болып қала беретінін және аурулардың кең спектрінің себебі болуы мүмкін екенін (ауруханадан тыс барлық пневмонияның 25-35% және госпитальдық пневмонияның 3-5%) ескере отырып, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация өкпенің бронхо-обструктивті ауруларының өршуінің және асқынуының алдын алудың тиімді құралы болып табылады, өлім қаупін азайтады.

Бұл кезеңде вакцинация өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі, оның ішінде коронавирустық инфекциямен, қант диабетімен ауыратын қауіпті науқастарға, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдарға жүргізіледі.

Кез-келген жағымсыз реакцияларды немесе сапасыз вакцинациямен байланысты басқа да қиындықтарды болдырмау үшін тіркелген жердегі жергілікті терапевтке хабарласу ұсынылады.