Басты бетЕң алдымен қауіпсіздік

Ең алдымен қауіпсіздік

Президенттік клиникадағы роботты қондырғыда 250-ден астам операция жасалды. Ең ұзақ операция 1сағат 30 минутқа созылды.

Нұр-сұлтан қаласының тұрғынына өт қабын алып тастау бойынша жоспарлы операция жасалды, алайда жоспарланған 30 минуттың орнына операция 1,5 сағатқа созылды.  - Пациентте ұзақ уақыт бойы өт тас ауруы болды, - дейді хирург, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жоғары санатты дәрігері Талғат Оразов. Қиындық пациенттің анатомиясы қарапайым адамдардан өзгеше болды, сондықтан операция ұзаққа созылды. Біз оған роботты лапроскапикалық холецистэктомия жасадық. Қазір біздің науқас қалпына келіп, шығаруға дайындалуда.         

Фото 1 Робот.jpg             

Роботты хирургияның арқасында пациенттер тезірек қалпына келеді және белсенді өмірге оралады. -Мен 2 ай өте қатты ауырдым, өт қабында тастар болды. Маған жоспарлы түрде операция жасады. Мен үшін бәрі сәтті өтті. Мен өзімді қазір жақсы сезінемін. Дәрігерлерге, медбикелерге және барлық медициналық қызметкерлерге аурухананың барлық пациенттеріне мұқият қарағаны үшін алғыс айтқым келеді, - деді Гүлбану Сатаева. Роботтық хирургиялық кешендер - бұл ең алдымен пациент үшін қауіпсіздік. Президенттік клиниканың роботтандырылған хирургия орталығының басшысы Бақтияр Қасымовтың пікірінше, мұндай операция кезінде нақты шектеулер бар.           

Фото 2 Робот.jpg               

- Хирург манипуляторларды басқара отырып, белгілі бір кеңістіктен шыға алмайды. Операция кезінде басқа тамырларға, органдарға зақым келтіру қаупі әлдеқайда аз", - дейді Бахтияр Қасымов. Хирург - тірі адам және ол ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде қолдың дірілдеуі деп аталатын қасиеттерге ие. Робот манипуляторлары қолдың дірілін болдырмайды, тіпті хирург операция кезінде дұрыс емес өткір қимыл жасаса да, робот мұны қайталамайды және бастапқыда берілген параметрлерді нақты басшылыққа алады. Бүгінгі таңда медициналық орталықтың ауруханасында жеті хирург және екі медбике роботты қондырғыда манипуляциялар жүргізуде. Болашақта хирург лапароскопиялық және роботтандырылған хирургияны практикалық оқытудан өте алатын оқу орталығын ашу жоспарлануда.

Фото 3 Робот.jpg