Басты бетЛитвалық профессор қант диабетіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасау тәжі...

Литвалық профессор қант диабетіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасау тәжірибесімен бөліседі

Профессор из Литвы поделится опытом бариатрического оперирования

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 22-26 мамыр аралығында «2-ші үлгідегі асқынған қант диабеті кезіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасаудың хирургиялық және анестезиологиялық көріністері» тақырыбында тренинг өтеді.

Шеберлік сабағын профессор, Литваның денсаулық ғылымдары институтының (Каунас қаласы) азинвазивты хирургия және асқазан-ішек хирургиясы секторының меңгерушісі Алмантас Малецкас өткізеді.

Сонымен қатар А.Малецкас тренинг шеңберінде артық салмақты және қант диабетіне шалдыққан пациенттерді қабылдап, кеңес береді.

 http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5021