Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 15-26 мамыр аралығында менторлық – тәлімгерлік тәжірибемен алмасу бойынша «Кардиология, травматология мен неврологиядағы реабилитациялық (оңалту) бағдарламалар» тақырыбында семинар өтеді.
Басты шақырылған лектор – профессор, м.ғ.д., Литваның денсаулық ғылымы институтының (Каунас қаласы) реабилитация Клиникасының нейроребилитация бөлімінің жетекшісі Раймондас Савицкас.
Дәрігер тәлімгерлік курсы шеңберінде кардио және нейрореабилитация мен ортопедиалық операциядан кейін пациенттерді оңалту бағдарламалары бойынша қабылдау жүргізіп, кеңес береді.
Аталмыш тәлімгерлік бағдарлама реабилитолог және ЕДШ дәрігерлері, терапевт, невролог дәрігерлері мен емделушілерді оңалту кезінде қосылатын басқа да мамандардың медбикелеріне де қызықты болады.