Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты ауруханада экстракорпоралды гемокоррекцияның озық және тиімді әдістері қолданылатын осызаманғы гравитациялық хирургия орталығы қызмет етуде.
2015 жылдың қараша айында ашылған экстракорпоралды гемокоррекция бөлімі тіркелген құрамға, сонымен қатар ақылы түрде және келісім негізінде тұрғындарға қызмет көрсетеді. 2017 жылдан бастап тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді мөлшері шеңберінде бағдарламалық гемодиализ қызметін ұсыну қолға алынды.
Экстракорпоралды гемокоррекция медицинаның ең жаңашыл бағыттарының бірі болып саналады. Ол дәрі-дәрмекпен емдеу кезінде пациенттің жағдайы мен көңіл-күйінің бір қалыпқа келуін жақсартуда таптырмас көмекші.
Гемокоррекция немесе қанның гравитациялық хирургиясы ауру түрлерін емдеудің озық әдістерін біріктіреді. Аурудың түрлі даму түйіндеріне әсер ете отыра, қан жасушаларының қасиеттерін өзгертуден бастап, олардың циркуляторлық арнасындағы сандық мөлшеріне дейін әсер ете алады. Демек, аурудың даму процессі мен патологияның ілгерілеуі бәсеңсиді.
Экстракорпоралды гемокоррекция процедуралары осызаманғы «HaemoneticsMCS» (США), «Dialog+ BBraun» мен «Multifiltrate» (Германия) жабдықтарымен өткізіледі. Олардың барлығы сертификатталған. Аталмыш аппараттармен детоксикацияның (қан тазарту) инновациялық әдістері өткізіледі және аутоиммунды сырқаттарды (ревматоидты артрит, гравис миастениясы, жүйелі қызыл жегі, Крон ауруы) емдеу кезінде пайдаланылады.
Нақтырақ айтқанда, «Юлия» аппаратында қанды ультракүлгін сәулелерімен емдеу өткізіледі. Ол бактериялар мен вирустарды залалсыздандырып, иммунитет пен ағзаның тән емес резистенттілігін (төзімділігін) күшейтеді.
«Озон УМ-80» аппаратында адам ағзасын медикаменттік емес жолмен қалпына келтіру мен емдеу өткізіледі. Антибиотиктерге төтиеп беретін герпес, А,В,С геппатиттері сынды вирустардың өзіне әсер ететін жоғары антисептикалық қасиетке тән.
Озонды ағзаға енгізу қанда оттегі құрамын көбейтеді және барлық мүшелер мен ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, ағзаның қорғаушылық белсенділігін 10 есеге арттырады. Озон ұйқы қашуды, стресс пен созылмалы шаршағыштық белгілерін жояды.
Диффузиялау арқылы ағзаны төменгімолекулырлық заттардан арылту үшін «Dialog+» фирмасының «BBraun» аппараты қолданылады. Аталмыш ем созылмалы бауыр жеткіліксіздігін емдеу кезінде қолданылуға арналған.