Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы – үстел теннисі турнирінің жеңімпазы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы – үстел теннисі турнирінің жеңімпазы

5.jpg

2018 ж. 3 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жыл сайынғы спорт жарыстарының шеңберінде Астана қ. 20-жылдығына арналған үстел теннисінен турнир өтті. Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарынан барлығы 7 команда қатысты. Турнир жеңімпазы болып, 1 орынға ие болған – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК, 2 орынды – «Оқжетпес» ЕСК» АҚ және 3 орынды – «ҚР ПІБ Медициналық орталығы» ММ иеленді.

Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары анықталды:

Келдиаров Базарбай Ермекұлы («Оқжетпес» ЕСК» АҚ) және Исабаева Әлия Мұхаметжанқызы (ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК).

Спортшыларымызды жарыстағы жеңісімен шын ниетпен құттықтаймыз!

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg