Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық Орталығы Қазақстан Республикасы ме...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық Орталығы Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XV Форумына қатысты (8-9 қараша 2018 ж., Петропавл қ.)

ҚР ПІБ Медициналық орталығы және оның ведомстволық қарасты ұйымдары "Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері" тақырыбында мемлекет басшылары мен мемлекеттердің шекаралас өңірлері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысты.

Көрменің пленарлық сессиясы шеңберінде А.Ғ. Төлеғалиева ҚР ПІБ Медициналық орталығы ведомстволық қарасты ұйымдарының мүмкіндіктері және медициналық туризмді дамыту бойынша ұсыныстар туралы баяндама жасады.

2.jpg

ҚР ПІБ Медициналық орталығының көрме стендінде: InBody 570 дене құрамын талдағышы, чемоданы бар Kinetec Maestra, KINETEC Maestro-портативті оңалту тренажері, coaguchek XS Plu коагучегі, piccolo Xpress (ABAXIS/USA) портативті биохимиялық анализаторы, "Контур ПЛЮС" глюкометрі (Contour Plus), ақпараттық сенсорлық панелі, ақпараттық интерактивті панелі ұсынылды.

4.jpg

Көрмеге қатысушылар мен келушілер арасында жарнамалық-ақпараттық және үлестіру материалдары (журналдар, буклеттер, киіз портфельдер, қағаз пакеттер, трифлеттер, ролл аптар, лифлеттер, логотипі бар қаламдар мен блокноттар) таратылды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының көрме стендіне Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің басшылары, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді (Ахетов Ә.А. презентация жасады).

Көрмені өткізу кезеңінде Облыстық клиникалық аурухана, Облыстық онкодиспансер және Кардиологиялық орталық базасында Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен дәрігерлеріне "Мидың тамыр ішілік операциялары. Ми ісіктерін жою", "Ұйқы артерияларын стенттеу","Ұйқы артерияларын стенттеу және бүйрек денервациясының заманауи тәсілдері" шеберлік кластары аясында 23 науқасқа кеңес берді, оның ішінде 9 науқасқа операция жасалды, операциядан кейінгі асқынулар болған жоқ.

3.jpg

Көрмеге қатысу қорытындысы бойынша Медициналық орталық, "Медициналық туризмді дамыту орталығы" автономды коммерциялық емес ұйымы және Алтай Республикасының экономикалық даму және туризм министрлігі арасында денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы 2 меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес тараптар клиникалық медицина және курорттық іс саласында ғылыми-зерттеу қызметін дамытуда ынтымақтасатын, бірлескен ғылыми форумдар өткізетін, сондай-ақ ғылыми ақпарат алмасуды жүргізетін болады.

"Оқжетпес" ЕСК Қазақстан және Ресей туроператорларымен (Triumph Travel, City Tour, "Асель" туристік фирмасымен, Pegas Touristic келісімін жасау сатысында) 4 келісім жасасты, сондай-ақ Ресейдің ірі туроператорларымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында туризмді дамыту жөніндегі халықаралық Қазақстан-Ресей комитетімен байланыс орнатылды.

Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының туризм басқармасы Қазақстанның туроператорлары үшін ақпараттық турларды ұйымдастыру бойынша келісімге қол жеткізді және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Медициналық орталықтын ауруханасы ынтымақтастық туралы 6 келісімге қол қойды (Алтай Республикасының Экономикалық даму және туризм министрлігі, Тюмень қаласының "Медициналық туризмді дамыту орталығы" АҚ, Алматы қаласының "Тұмар-Транс" ЖШС, Астана қаласының "Триумф SAT Group Travel" ЖШС, ШҚО "Вояж-Алтайский Казахстан" ЖШС, "Кочевник" ҒТК), Орынбор облысының өкілдерімен және Санкт - Петербург қаласының туризмді дамыту жөніндегі комитетімен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде.

Орталық клиникалық аурухана Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы 3 меморандумға қол қойды (Алтай Республикасының Экономикалық даму және туризм министрлігі, РФ "Ямалотур" Ямал-Ненецк автономиялық округінің мемлекеттік бюджеттік мекемесі, РФ "Медициналық туризмді дамыту орталығы" автономды коммерциялық емес ұйымы) және ынтымақтастық туралы ұсыныстармен 2 меморандум жобасын жіберді (Санкт-Петербург қаласының туризмді дамыту жөніндегі комитетінің қалалық Туристік – Ақпараттық Бюросы, Саратов облысының туризм жөніндегі комитеті).

1.jpg