Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығында 2018 жылдың қорытындысы шығарылып, кейінгі даму перспективалары ан...

ҚР ПІБ Медициналық орталығында 2018 жылдың қорытындысы шығарылып, кейінгі даму перспективалары анықталды

2.JPG

2019 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық оталығының басшысы Цой А.В. төрағалығымен Медициналық орталық алқасының отырысы өтті. Алқа отырысында 2018 жылдың қызмет қорытындысы талқыланып, кейінгі даму перспективалары анықталды.

Алқа жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Шөкенов Қ.Б., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, алқа мүшелері қатысты.

Медициналық орталық басшысының орынбасарлары А.Ғ. Төлеғалиеваның және А.Н. Дөкеновтің негізгі қызмет қорытындылары бойынша, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдардың цифрландыру туралы баяндамалары тыңдалып талқыланды.

Алқа мүшелері Медициналық орталықтың 2018 жылы тіркелген контингентке медициналық және санаторийлік-курорттық көмек көрсетуді жетілдіріп, нормативтік құқықтық базаны оңталайландырып, ведомстволық қарасты ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтқандығын атап көрсетті.

Цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жасалды, атап айтқанда SMART-медицинаны енгізу, Е-жедел жәрдем, пациенттің жеке кабинеті әзірленді, санаторийлік-курорттық қызметтерді ақпараттандыру, «Ақылды балабақша» және СЭСО-да «Зертханалық ақпараттық жүйе» әзірленді.

Медициналық орталықтың басшысы Цой А.В. Медициналық орталықтың қызметшілеріне сөзін жолдап, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XXVIII съезінде қойған тапсырмаларға ерекше көңіл бөлді. Бұл бірінші кезекте, отандық медицинаның ауруларды алдын алуға және саламатты өмір салтын ынталандыруға бағытталуы, профилактикалық медицинаның жаңа алдыңғы қатарлы тәсілдерін практикаға енгізу. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекке және саламатты өмір салтына қаржыландыруды арттыру қажеттілігі.

Алқа отырысын қорытындылай келе, Медициналық орталықтың басшысы Цой А.В. алдағы жылда күш салуды қажет ететін нақты тапсырмалар мен векторларды белгіледі. Олар: Медициналық орталықты дамыту бағдарламасын орындау, дербестендірілген медицинаны дамыту, инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасын одан әрі іске асыру, Медициналық орталықтың жүйесінде жобалық басқаруды енгізу, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының JCI стандарттарына сәйкестікке реакредиттеу, алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды енгізу, халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық, оңалту және сауықтыру қызметтерін жаңарту, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына сәйкес ауруханалар мен санаторийлерде пациентті қолдау қызметін дамыту, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау деңгейін көтеру, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жағдайында жұмысқа дайындық.

Сонымен қатар, ведомстволық қарасты ұйымдардың кейінгі E-gov және E-kyzmet порталдарымен интеграциясын ескере отырып, ақпараттандыру бойынша жұмысын жандандыру және жүйеге келтіру қажет.

Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша Медициналық орталық алқасының қаулысы қабылданды және бірқатар нақты тапсырмалар берілді. 

1.jpg