2019 жылғы 18 сәуір
Пленарлық отырыс және көрме: ҚР, Бурабай кенті, «Оқжетпес» ЕСК АҚ
2019 жылғы 19 сәуір
Секциялық отырыстар: ҚР, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы
тіркеуге сілтеме: https://clck.ru/FCJHu
Форум аясында конференциялар өткізу жоспарлануда:
- «Санаторийлік-курорттық істегі медициналық оңалтудың әлеуеті. Мәселелер және шешу жолдары»;
- «Курорттық істегі экономика және менеджмент».
Форум әлеуметтік маңызы бар ауруларды профилактикалық емдеу аспектілеріне пәнаралық көзқарасты қамтамасыз етеді; оңалту; климатотерапия; еңбек терапиясы; денсаулық жағдайын және өмір сапасын жақсарту. Ағымдағы жылы Форум алғашқы рет ЩБКА санаторийлік-курорттық кешенін дамыту мәселесін кешенді шешу, проблемалық мәселелер бойынша пікірталастар өткізу, біздің еліміздің сауықтыру демалысы кәсіпқойлары мен шетелдік сарапшылар арасында ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасуға арналған диалог алаңына айналады.
Іс-шара бағдарламасына: пленарлық сессия, ғылыми конференциялар, семинарлар, шеберлік класстары, әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілері әзірлеген жоғары технологиялық медициналық жабдықтардың көрмелері мен интерактивті презентациялары кіреді.
Қазақстанның үш жүзден астам делегаттың және алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылардың қатысуы күтілуде.
Бағдарлама келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырылатын болады:
1. Оңалту мен курортологияның басым бағыттары;
2. халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолымен денсаулықты сақтауға, нығайтуға бағытталған санаторийлік-курорттық саланың жетістіктерін, жаңа әзірлемелерін, инновациялық жобаларын демонстрациялау;
3. Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту: әлеует, проблемалары және мүмкіндіктері (бағдарламалық қамтылым, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті жоғарлату, менеджмент құралдарын және қаржылық қамтылымды жетілдіру, брендтеу және т. б.)
4. cанаторийлік-курорттық қызметтер спектрін дамыту және санаторийлік-курорттық істі дамыту тәсілдері;
5. cанаторийлік-курорттық кешендер сервисінің сапа стандарттары;
6. ішкі және келу туризмін дамыту;
7. медициналық туризмдегі маркетинг;
8. санаторийлік-курорттық ұйымдарды халықаралық аккредиттеу;
9. санаторийлік-курорттық саласының ғылыми аспектілері.
Форумға қатысу түрлері: пленарлық отырыс, секциялық отырыстар, көрме.
Іс-шарада қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарының, оңалту орталықтарының курортология, оңалту, кардиология, педиатрия, урология, дерматовенерология, гинекология, физиотерапия саласындағы жетекші мамандары, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері баяндама жасайды.
Форумның ажырамас бөлігі – көрмеде заманауи бальнеологиялық жабдықтар, сауықтыру технологиялары, классикалық физиотерапиялық жабдықтар, балшықпен емдеуге, гидротерапияға, кинетотерапияға, wellness және SPA-ға арналған жабдықтар, қазіргі заманғы сауықтыру және оңалту орталықтары, заманауи дәрі-дәрмектер, емдік тағамдар, минералды су және т. б. ұсынылады.
Форумға қатысу тегін.
Форум соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Спикерлердің баяндамалары мен презентацияларын, постерлік баяндамалардың электронды нұсқасын 2019 жылғы 1 сәуірге дейін astana.forum.2030@gmail.com e-mail поштасына жіберу қажет. Форум аясында үздік постерлік баяндама байқауы өтеді.
«Қазақстан Республикасының курортология мәселелері» журналының №1 (3) тезистер мен ғылыми мақалаларды 2019 жылғы 18 наурызға дейін gulzhanzhumayeva@gmail.com e-mail-поштасына жіберу қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін форумның ұйымдастыру комитетіне телефон арқылы хабарласыңыз:
+7(7172)749442; +7(7172)749587;
+ 7 705 296 19 19; +7 701 382 11 56; +7 702 555 88 38.
Құрметпен, «Шипажай-2019» форумының ұйымдастыру комитеті!