2019 ж. 24 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында жыл сайынғы мини-футбол турнирі өтті. Турнирге барлығы 9 команда қатысты.
Жартылай финалдың қорытындысы бойынша біздің командамыз «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ мен «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК командаларын жеңіп, финалға өтті. Финалда Медициналық орталықтың командасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК командасымен 0:0 есебімен ойнап, пенальтиден 2:3 есебімен қарсыласқа жол берді.
Қола жүлдесіне «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК мен «ҚР ПІБ Автошарушылығы» РМК командалары ойнап, біріншісі жеңіске жетті.
Сонымен қатар, біздің ойыншымыз Морозов Кирилл Игоревич («ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК) турнирдің «Үздік қорғаушысы» атанды.
Спортшыларымызды жарыстағы лайықты күміс жүлдесімен құттықтаймыз!