Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері үшін Social media marketing (СММ) бойынша тренинг өтті.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері үшін Social media marketing (СММ) бойынша тренинг өтті.

          21 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының (бұдан әрі –Медициналық орталық) және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған Social media marketing (СММ) бойынша арнайы тренинг өтті. Тренингті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ұйымдастырды.

69137705_2468993426510107_7636254816368328704_n.jpg

          Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай ұйымның аккаунттарын жүргізу мен мониторингілеу, жарияланымдардың құрылымы мен форматы, сондай-ақ әлеуметтік желілер әлеміндегі трендтер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

68942272_2468993523176764_2762637000463876096_n.jpg

          Тренинг барысында Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының әлеуметтік желілердегі қолданыстағы парақшалары, теріс түсініктемелермен жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі кері байланыс нысандары талданды.


68877076_2468993489843434_893682093278625792_n.jpg