Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы – Алексей Цой «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Медаль Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына бес елдің (Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссия) мемлекет басшылары тарапынан тағайындалған болатын.
Медициналық орталықтың ұжымы атынан Сізді құттықтауға және халықаралық аренадағы Сіздің еңбегіңіз бен жетістіктеріңізді мойындау біз үшін ұйымымыздың имиджін нығайту мен ілгерілету үшін бағдар және ынталандыру болады деп айтуға рұқсат етіңіз.