Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының өкілі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы аппаратының қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласындағы ведомстволық қарасты ұйымдардың бірінші басшылары және басшылардың орынбасарлары қатысты.
Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой іс-шараны ашып, салтанатты жиынға барлық қатысушыларды келе жатқан мемлекеттік мерекемен құттықтап, Конституция күні еліміздің барлық азаматтары үшін ерекше күн болып табылатындығын атап айтты.
«Біздің Конституциямыз қоғамымыздың негізгі құндылығы ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты белгіледі. Осы себептен, Конституция күнін мерекелеу тек ұлттық қана емес, өз елінің азаматы мен патриоты үшін тарихи маңызы бар мереке болып табылады», - деді А. Цой.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылмның депутаты Ахмет Мурадов жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Медициналық орталықтың ұжымына «Нұр Отан» партиясының жаңа форматтағы туы салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов партияның төсбелгісін Медициналық орталықтың бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы – Мирас Мұхамбетовке табыстады.
Салтанатты іс-шара Құрмет грамоталар мен алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен жалғасты.
Денсаулықты қорғау мен нығайту ісіндегі жетістіктері, көп жылғы және жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасымен Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының дәрігерлері, мейірбикелері және зертханашылары – Әсия Тлеубаева, Төлеубала Рахметова, Людмила Викулина және Айнұр Кенжебаева марапатталды. Алғыс хатпен – Талғат Сағынаев және Сандуғаш Букеева.
Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын «Тұрақтылық және жасампаздық формуласы» деректі фильмін көрсетумен аяқталды.