Басты бетБАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕР

БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕР

         Йохокуб инновациялық конструкторлары, 3D жабдықтары және мини-роботтар көмегімен робототехника, математика және инженерия негіздерін оқыту. Киіз басу, тестопластика (қамырмен жұмыс) және пластилинография. Креативтік және сыни ойлау. Бұл – мектепке дейінгі білім берумен айналысатын мамандардың қазіргі қолданыстағы терминдері. «QARLYGASH-2019» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында инновациялық әдістемелердің негізінде білімді, білікті балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибелері баяндалады.

         Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК өткізеді. «Қарлығаш» балабақшасы – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа әдістемелерін енгізумен айналысатын бірегей білім беру мекемесі. Балабақшаның мамандары баршаңызбен өз тәжірибесімен бөлісуге әрқашан дайын.

         Конференцияның құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі – АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы – АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, БҰҰ Балалар Қоры өкілдігінің (Юнисеф) басшысы – АРТУР ВАН ДИЗЕН, «Бөбек» ҰҒПББСО» РМҚК бас директоры – ЕЛЕНА САКЕНОВА, «Назарбаев Университеті» ДБҰ «Жоғары білім беру мектебі» департаментінің қауымдастырылған профессоры ХЕЛМЕР ДЖАНЕТ.

          Сондай-ақ, конференция жұмысына Австралия, Ұлыбритания, Финляндия, Израиль, Ресей Федерациясы, Беларусь, Эстония және Қазақстан ғалымдары, тәжірибелерінде авторлық инновациялық технологиялар мен білім беру жобаларын, интерактивті оқыту жүйелерін, тілдік ортаға бойлаудың қазіргі заманғы әдістемесін пайдаланып жүрген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының мамандары - барлығы 300-ден астам адам қатысады.

         Пленарлық және секциялық отырыстар екі бағыт бойынша өтеді: «Әлемдік кеңістіктегі мектепке дейінгі білім беру үрдістері» (19.09.2019 ж.); «Мектепке дейінгі білім берудің басымдықтары мен өзекті мәселелері» (20.09.2019 ж.).

         Сонымен қатар, оқыту, математикаға және каллиграфияға үйретудің танымал әдістемелерінің авторы Ольга Лысенко (Ресей), «Ойындардың ертегі лабиринті» дамыту ойындарының, технологияларының авторы Вячеслав Воскобович (Ресей), көп функционалды және интерактивті орта бойынша әдістеменің авторы Людмила Баряева (Ресей), «Shugylakitap» баспасының оқу-әдістемелік әзірлемелерінің авторы Людмила Кирилинская шеберлік-сабақтарын өткізеді.

         Конференция аясында Әсет Ақшабаев робототехникасының, Ерасыл Қасықбаевтың «Жеті ойыншық» экспозициясының, Людмила Кирилинскаяның «Shugylakitap» оқу-әдістемелік әзірлемелерінің көрме-жәрмеңкесі өткізіледі.

 

         Барлық мүдделі бұқаралық ақпарат құралдарын шараға қатысуға шақырамыз. Аккредиттеу 18 қыркүйекте сағат 14.00-де аяқталады.

         Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар: +7(7172) 27-17-20; +7(776)162-78-91 ( Алма Қарабаева); +7(702) 233-34-36 (Әсем Дүйсенбаева).

 

         Конференцияны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы.

         Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 15.

         Өткізу күні: 2019 жылғы 19-20 қыркүйек.

         Конференцияның ашылуы: 19 қыркүйек сағат 10.00.