«Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыру бойынша қойылған тапсырмаларды шешу шеңберінде 13-14 қыркүйекте Ыстықкөлде (Қырғызстан) Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері ауруханаларының ынтымақтастық альянсінің халықаралық форумы өтті. Форумға 9 мемлекеттен 250 қатысушыдай қатысты: Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Тәжікстан, Пәкістан, Иран және Түркия.
Бүгінгі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) әлемдегі ең беделді және ауқымды ұйым бола отырып, оған мүше-мемлекеттері халқының өмір сүру деңгейінің үздіксіз артуына және өмір сүру жағдайларының жақсаруына, аймақтағы әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал етуде.
ШЫҰ шеңберінде ауруханалардың келесі ынтымақтастық түрлері іске асырылады: білім мен тәжірибе алмасу, консультациялар өткізу, делегациялармен өазара алмасу, тағылымдамалар мен ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының өкілдері Ф орум жұмысына белсенді қатысты. Орталық клиникалық аурухана және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының ауруханалар альянсінің мүшелері болды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!!!