Басты бет«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық...

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының спорттық турнирлері өтті

          2019 ж. 14 қыркүйекте жыл сайынғы спорттық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында Жастар жылына арналған үстел теннисі мен бильярд турнирлері өтті. Турнирге барлығы 6 команда қатысты.

          Үстел теннисі турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

          1 орын – «Оқжетпес» ЕСК» АҚ;

          2 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК;

          3 орын – «Қарлығаш» балабақшасы» РМК.

 IMG-20190916-WA0050.jpg

          Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды: Келдиаров Б.Е. («Оқжетпес» ЕСК» АҚ) және Исабаева Ә.М. («ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК).

 

          Бильярд турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

          1 орын – «Оқжетпес» ЕСК» АҚ;

          2 орын – «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;

          3 орын – «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК.

 

          Турнир жеңімпаздары және үздік ойыншылары кубоктармен, дипломдар мен грамоталармен марапатталды.

          Спортшыларымызды жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз!

IMG-20190916-WA0051.jpg   IMG-20190916-WA0058.jpg