2019 жылғы 11 қазанда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Цой А.В. төрағалығымен алқа отырысы болып өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Шөкенов Қ.Б., Медициналық орталық басшысының орынбасарлары Ғиният А. және Дөкенов А.Н., Медициналық орталықтың қызметкерлері және ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары қатысты.
Алқа отырысында Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының 2019 жылғы 9 айда негізгі қызмет нәтижелері қаралды.
Медициналық орталық басшысының орынбасарлары Ғиният А. және Дөкенов А.Н. өз баяндамаларында ведомстволық қарасты ұйымдардың 2019 жылғы 9 айдағы медициналық және қаржы қызметінің нәтижелері туралы айтты (Медициналық орталықты дамыту бағдарламасы және Санаторийлерді дамыту бағдарламасы қызметінің негізгі индикаторлары мен көрсеткіштері бойынша),
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Шөкенов Қ.Б. жалпы Медициналық орталықтың және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының атқарған жұмысын оң бағалады. Жұмысты жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын берді. Сонымен қатар, алқаға қатысушыларды «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-тың 90-жылдық мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының барлық жүйесінің қалыптасуы мен дамуынындағы маңыздылығын айтты.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Цой А.В. өткізілген алқаның қорытындысын шығарып, алдағы жұмысқа қатысты ұсыныстарын берді.