Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы боулинг турнирінің қола жүлдегері атанды
2019 ж. 26 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында Жастар жылына арналған жыл сайынғы боулинг турнирі өтті. Турнирге барлығы 13 команда қатысты.
Боулинг турнирінің жартылай финалының қорытындысы бойынша Медициналық орталықтың командасы финалға өтіп, 3 орынға ие болды.
Спортшыларымызды жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз!