Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жүйесінде үстел теннисінің үздік ойыншылары анықталды
2019 ж. 23 қарашада жыл сайынғы спартакиада шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында Жастар жылына арналған жыл сайынғы үстел теннисінен турнир өтті. Турнирге барлығы 9 команда қатысты.
Бірінші орынды Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, екінші орынды ҚР ПІБ Автошаруашылығы иеленді, ал үшінші орын ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығына тиді.
Жеке есепте әйелдер арасында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының дизайнері Ақжан Абилова, ал ерлер арасында «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының инженері Айдар Жаукин үздік ойыншы атанды. «Ардагер» номинациясы бойынша «Оқжетпес» санаторийінің спорт нұсқаушысы Базарбай Келдияров үздік ойыншы болды. Бұдан бұрын ол Медициналық орталықтың турнирінде «Үздік ойыншы» номинациясына ие болған болатын.
Спортшыларды жеңіспен құттықтаймыз!