Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында үздік қызметкерлерге ведомстволық наградалар табысталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28-жылдығына орай ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің қызметкерлерін салтанатты марапаттау болып өтті.
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – барлық мемлекет пен әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызды күн. Тәуелсіздік – ең алдымен халықтың бостандыққа ұмтылған асқақ армандар мен қайсар рухының нәтижесі. Қазіргі таңда біздер үшін Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірлік, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мереке қарсаңында елімізге тыныштық, халқымызға амандық, сіздерге денсаулық пен жаңа жетістіктер, ұрпағымызға жарқын болашақ тілеймін! Еліміздің тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! – деп құттықтады ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.