Басты бетҚР ПІБ МО «Қарлығаш» Балабақшасы ҚР Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрайым...

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» Балабақшасы ҚР Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрайымы ұжымымен кездесу өткізілді


8 января _ 1.JPG

    2020 жылғы 8 қаңтарда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ҚР Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Гүлшара Әбдіхалықова мен «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Шыңғысхан Қожахметов Кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді.

8 января _ 2.JPG

     Гүлшара Наушабайқызы өз сөзінде, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысын 25% және алдағы 4 жылда 100% көтеру туралы маңызды мәселе қарастырылған «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданғанын атап көрсетті. Және магистр атағы үшін қарастырылған үстемеақы, кепілдендірілген еңбек демалысы, балабақшадан орын алудағы жеңілдіктер, педагогтардың ынталандыру, марапатталу құқықтары және Қазақстан Республикасының алдындағы ерен еңбектері үшін және айрықша жетістіктері үшін берілетін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы қарастырылған үстемақы туралы.

8 января _ 3 (1).JPG

     Депутат  сондай-ақ, педагог мәртебесі туралы ҚР заңнамасын бұзғандардың жауапқа тартылатыны туралы, мысалы, жеке тұлғалардың, кәмелетке толмағандардың педагогқа тіл тигізгені үшін немесе педагогтарды өзіне тән емес функцияларға тарту фактілері үшін айыппұл мен әкімшілік жаза қарастырылып отырғанын жеткізді.

        Бұдан басқа,  «Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру туралы» жаңа заң, әлеуметтік кепілдіктер және медициналық сақтандыру мәселесіне жауапты көзқарас мәселелері талқыланды.

   РМК қызметкерлеріне баспана беру, елордалық коэффициентті қолдану мүмкіндігі, педагогтардың еңбек жылдарын есепке алу туралы әлеуметтік сипаттағы Кәсіпорын қызметкерлерінің сауалдарына жауаптар берілді.

8 января _ 4.JPG

       ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Владимирович Цой  өз кезегінде, мемлекеттік құрылым өкілдерімен  ашық диалог жасау мүмкіндігі үшін алғыс айтты және  «Қарлығаш» балабақшасы ұжымының педагогикалық инновациялар  мен балалар денсаулығын басқарудағы озық тәжірибелерді Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екенін  жеткізді.