Басты бетПаркинсон ауруы бар пациенттерді Президенттік ауруханада тегін қабылдау

Паркинсон ауруы бар пациенттерді Президенттік ауруханада тегін қабылдау

     Қабылдау алдын ала жазылу қағидаты бойынша 2020 жылдың 5-7 ақпаны аралығында Президенттік клиникада жүргізіледі.

        Словакия неврологы Президенттік ауруханасының нейрохирургымен бірге Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттерді тегін қабылдайды.

2.jpg

        Матей Сковарнек – Еуропаның болашағы зор жас неврологтарының бірі: ол қазіргі уақытта Луи Пастер атындағы университеттік аурухананың қозғалыс бұзылыстары бойынша неврология департаментін басқарады, сондай-ақ, Словакиядағы Сафарик атындағы университтің медицина факультетінің неврология кафедрасының доценті.

       5-7 ақпан аралығында доктор Сковарнек Қазақстанның жетекші нейрохирургтарының бірі - Азат Шпековпен бірге қозғалыс жүйесі бұзылған, Паркинсон ауруы, дистония және треморы бар барлық тілек білдірушілерді тегін қабылдау жүргізеді.⠀

Консультация сұрақтары бойынша келесі телефондарға хабарласыңыздар: 8 (702) 355 85 55⠀

Тегін қабылдау ҚР ПІБ МО Ауруханасында өткізіледі:

- 5 және 6 ақпан сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліспен,

- 7 ақпан 9:00-ден 13:00-ге дейін

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 80 (Е495), 6 қабат, 23 кабинет.⠀

Өзімен бірге МРТ зерттеу нәтижелері болуы керек.