Басты бетЖапониядан серіктестердің жұмыс сапары

Жапониядан серіктестердің жұмыс сапары

        Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Chiyoda Technol Co жапон компаниясы өкілдерінің арасындағы кездесу болды. Жоспарланған сапар Chiyoda Technol Corporation мен ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы арасындағы 2017 жылы жасалған Меморандум нәтижесінде мүмкін болды.

247529947_163932.jpg

    Кездесу барсысында денсаулық сақтау, ядролық медицина, радиациялық қауіпсіздік саласындағы кейінгі ынтымақтастық, медициналық және медициналық емес персоналды оқыту перспективалары талқыланды. Мамандарды білім беру бағдарламасының шеңберінде оқытуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

image-06-02-20-11-17-1.jpeg

         ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Chiyoda Technol Co. өкілдеріне персоналдың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық медицина блогы қызметкерлерінің сәулелеу мөлшерлемесін бақылау саласында Ауруханаға көрсетілген қолдау және «Онкологиядағы, неврологиядағы және кардиологиядағы ядролық медицина» бағыты бойынша Аурухана қызметкерлері үшін өткізілген оқыту үшін алғыс білдірді.

image-06-02-20-11-17-2.jpeg

           Өз кезегінде делегаттар Ведомствоның одан әрі ынтымақтастыққа оң құлшынысын атап өтіп, жылы қабылдау үшін алғыс білдірді және қазақстандық тарапқа радиациялық мониторинг бойынша 15-ші халықаралық семинарға қатысуды ұсынды.

image-06-02-20-11-17-4.jpeg