14 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Қанат Шөкеновтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының (бұдан әрі - Медициналық орталық) алқа отырысы өтті. Алқалы жұмысына Медициналық орталық жүйесінің ведомстволық бағынысты 9 ұйымы қатысты.
Күн тәртібінің басты мәселесі ядролық медицинаны одан әрі дамыту; бүкіл ағзаның инвазиялық емес компьютерлік экспресс-диагностика әдістерін қолдана отырып, санаторийлерде Chek-up ұйымдастыру; «Оқжетпес», «Almaty Resort» және «Қазақстан» санаторийлерінде Qazaq Nomad Resort жобасын іске асыру; «МТАЖО» АҚ-тың Адам ресурстарын дамыту орталығына Корпоративтік университет форматындағы трансформациясы және т.б. тәрізді қызмет бағыттары бойынша Медициналық орталық жүйесін дамытудың 2020 жылға арналған негізгі перспективаларын қарастыру болды.
Алқа отырысы барысында Медициналық орталық жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бірінші басшыларының өз кәсіпорындары қызметінің 2019 жылғы қорытындылары туралы есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, ведомстволық бағынысты ұйымдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайларының жұмыс мәселелері қосымша айтылды, сондай-ақ алдағы жылға күтілетін жоспарлар мен перспективалар талқыланды.