Басты бетДені сау сандар жетсін

Дені сау сандар жетсін

8 февраля_1.jpg

     ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері 2020 жылғы 8 ақпанда тіркелген контингент арасынан мемлекеттік қызметшілерге арналған «САЛАМАТТЫ САНДАРҒА ЖЕТЕ БЕР» саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және ауруларды алдын алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінде іс-шара өткізді.

✔Іс-шараның мақсаты: контингенттің хабардарлығын арттыру және қатерлі ісікті алдын алу, ауруды ерте кезде анықтау және саламатты өмір салтын ұстанушылыққа  назарды аударту.

Іс-шараның бағдарламасында қарастырылған тақырыптар:

✔ «Саламатты сандарға жете бер!», лектор – Сақанова Г.Б., ҚР ПІБ МОА СӨСҚО әдіскер-дәрігері.

8 февраля_2.jpg

      «Дұрыс тамақтану – онкологиялық ауруларды алдын алудың басты факторы», лектор – Турдунова Г.К., ҚР ПІБ МОА СӨСҚО әдіскер-дәрігері.   

       Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға ақпараттық-білімдік материал таратылды (буклеттер, жадынамалар): «Саламатты сандарға жете бер!», «Қатерлі ісік туралы нені білу қажет?», «Тұзды тұтыну туралы нені білу маңызды?», «Тағамдық әдеттерді өзгертіңіз!», «Денсаулығыңыз туарлы ойланыңыз – скринингтен өтіңіз».