Президенттік клиникада шақырылған профессор Хассан Диаб құлақ аурулары бар пациенттерге күрделі операциялардың сериясын жасады
Осы аптада шақырылған доктор Хассан Диаб Президенттік клиниканың №1 хирургиялық бөлімшесінің (оториноларингология, нейрохирургия) меңгерушісі Талапбек Аженовпен бірлесіп, құлақ аурулары бар пациенттерге күрделі операциялардың сериясын жасады.
«Құлақ хирургиясы – хирургияның ең күрделі салаларының бірі. Әсіресе, құлақ-тамақ-мұрын саласында. Әлемдік практикада жоғары кәсіби, жақсы құлақ дәрігерлері көп емес. Сондықтан, әдетте барлығы бір-бірін біледі, мұнда сарапшылар шеңбері үлкен емес.
Біздің міндетіміз – есту мүшесін сақтап қалу үшін әріптестерімізді барлық нюанстарға оқыту. Мамандардың есту функциясын қалпына келтіру бойынша кез келген операцияға пациенттерді дұрыс іріктей білуі үшін біз тәжірибемізбен бөлісеміз», - деп айтады медицина ғылымдарының докторы, Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің оториноларингология кафедрасының профессоры Хассан Диаб.