ҚР ПІБ МО мекемелерінде енгізілген карантинді бақылауға алу
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының мекемелері 2020 жылдың 17 наурызынан бастап 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін карантинге жабылды.
«Бүгіннен бастап барлық медициналық мекемелерде - ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернаттарда карантин енгізіледі. Бұл аталған объектілерге, ұйымдарға оларда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерден өзге адамдарға баруға тыйым салынады дегенді білдіреді. Бұл – аталған мекемелерде жатқан біздің пациенттерді қорғауға бағытталған. Бұдан бөлек, бұл медициналық ұйымдардағы санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді, оның ішінде фото және бейне түсірілімдерге тыйым салынды»,- деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханаларындағы барлық жоспарлы операциялар, зерттеулер, пациенттерді қабылдау төтенше жағдай режимінің әрекеті аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрды.