Сурет: unicef
Осындай шуақты маусым күні ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы Халықаралық балаларды қорғау күнімен - балалық шақ, сиқырлық пен қуаныш мерекесімен құттықтайды!
Әрбір баланың өмірі ата-ананың махаббатына және ілтипатына толы, ал балалық шақ алаңсыз және бақытты болсын. Өсіп келе жатқан ұрпақ арасында медицина бағытындағы игілікті мамандықты таңдайтындардың аз емес болатынына шын жүректен сенеміз. Қазақстандықтарға денсаулық, жақсы көңіл-күй тілейміз және белгіленген санитариялық-қорғау нормаларын ұстануды ұсынамыз.