ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Медицина қызметкері күні қарсаңында әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтап, COVID-19-бен күресуге ат салысып жатқан медициналық персоналдың үлесін ерекше атап өтті.
«Бұл олардың отбасы мен жақындарын көрмей, өзгелердің өмірі мен денсаулығын қорғаудан басқа ешнәрсе маңызды болмағандағы, қорғаныш костюмдерін киген күнделікті жанкешті еңбегі. Сіздер өмірлік жағдайларға қарамастан, көзге көрінбейтін қарсыласпен күресте ісіңізді жалғастырып, қоғамымызды қорғауға асқан үлесіңізді қосудасыз», - деп атап өтті ол.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбегі және COVID-19-дың таралуын болдырмауға қосқан үлесі үшін ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің 230 қызметкері келесі ведомстволық наградаларымен марапатталды:
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық наградаларымен: ҚР ПІБ Құрмет грамотасымен және ҚР ПІБ Алғысымен.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен: «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғысымен.
- ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық наградаларымен: ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР ПІБ Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен.