Бүгін Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы лауазымын босатты.
ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды. Сондай-ақ, Үкімет басшысының хабарлауынша, Елжан Біртановтың емделу кезеңіне Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару Алексей Цойға жүктелді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының міндетін атқарушы болып басшының орынбасары Ажар Ғиният тағайындалды.