ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы Алексей Цойды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.
Алексей Цой жұмыс істеген уақытында Медициналық орталық жүйесінің дамуына және ілгері басуына баға жетпес үлесін қосты. 2019-2020жж. аралығында оның қатысуымен денсаулық сақтау, ядролық медицина, радиациялық қауіпсіздік салаларындағы әлемдік көшбасшылармен маңызды жұмыс сапарлары мен кездесулер өткізілді. Оның басшылығымен Медициналық орталықтың ұжымы пандемия кезеңінде емдеу және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысы уақытылы және анық қойылды.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы оған мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт және еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктерді тілейді!