Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстау

ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстау



      Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы нәтижелі жұмысы үшін және пандемиямен күресте ерекше көзге түскен ҚР ПІБ Медициналық орталығының 3 қызметкері «Халық алғысы» медалімен наградталды: Айман Ахметова, Айгүл Темірғалиева және Айгүл Текебаева.

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тағайындалған «Халық алғысы» медалі бүгін алғаш рет табысталуда.

       ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы әріптестерін мемлекеттік награданың табысталуымен құттықтап, оларға зор денсаулық, барлық бастамаларда жетістіктер мен жеткен нәтижелердің артуын тілейді!

 Анықтама:

     «Халық алғысы» медалі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 8 маусымда тағайындалды. Ол білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, сондай-ақ пандемиямен күресте ерекше көзге түскен Қазақстан Республикасының азаматтарына табысталады.

Медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің Наградтау туралы жарлығы жария етіледі. Дереккөз: «Әділет» АҚЖ.