Басты бетКоронавирустық инфекциядан қайтыс болғандарды жалпыұлттық аза тұту күні

Коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандарды жалпыұлттық аза тұту күні

нац траур чб.jpg

                                                                                                                                                                  Сурет: pixabay.com

       Өлім туралы хабар – әрбір адам үшін ауыр соққы, оған көну де, оны қабылдау да қиын. Жалпыұлттық аза тұту күні жақын және қымбатты адамдарымыздан айырылу қайғысының мұңын сөзбен айту қиын. Тек бірге қайғыру, аяныш білдіру және өзара қолдау осындай қиын уақытты – орны толмас қаза уақытын бастан өткізуге көмектеседі!

    «Құрметті отандастар! Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз. «Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік. Әр азаматтың амандығы үшін күресейік! Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін!», - деп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

     ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы коронавирустық инфекциядан көз жұмған қазақстандықтардың отбасылары, туған-туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.