1 шілдеден бастап ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық Орталығының Ресей Федерациясы, Ессентуки қаласында орналасқан "Қазақстан" санаторийі филиалы өз жұмысын қайта бастады.
Сіздің демалысыңыз “Қазақстан” шипажайында қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін РФ федералдық қызметінің санитарлық-эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес барлық қажетті шаралар қабылданған.
* Қонақтар келген кезде байланыссыз термометрия жүргізіледі. Кейіннен ол тәулігіне кемінде 1 рет жүргізіледі.
* Санаторий үй-жайларында тері антисептиктері бар дозаторлар орнатылған, барлық жанасатын беттер, қонақ және жұмыс аймақтары бактерицидті заттармен өңделеді.
* Жалпы қолданыстағы барлық үй — жайларда бактерицидті сәулелендіргіш қолданылады-адамдар үшін қауіпсіз, бактериялар мен вирустар үшін қауіпті.
* ЛОК қорғаныс экрандарын орналастырып, қабылдау аймағында, медициналық тіркеу орнында, фито-барда және лобби-барда 1,5 – 2 метр қашықтықты сақтауға мүмкіндік беретін белгі жасалды.
* Санаторий аумағы дезинфекциялық құралдармен өңделеді.
Толық ақпаратты "Қазақстан" шипажайының ресми сайтынан алуға болады.
Тікелей сілтеме: http://kazakhstan-kmv.ru/news/zhdem-vas-na-otdyx-s-1-iyulya/