Бүгін коронавирустық инфекцияның салдарынан ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасының үздік дәрігері Павел Иванович Шолох өмірден өтті.
Павел Иванович - медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог-дәрігер, Президенттік клиниканың Ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі, өзінің 20 жылдам астам өмірін медицинаға арнаған білікті маман. Әріптестері мен пациенттері Павел Ивановичті мейірімділігі мен кәсіпқойлығы үшін жоғары бағалап, құрметтейтін.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы Павел Иванович Шолохтың туған-туыстары, жақындары мен достарына қайғыра көңіл айтады!