Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Covid-19 туралы сұрақ-жауап видеоайдарын іске қосты.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы Covid-19 туралы сұрақ-жауап видеоайдарын іске қосты.

Пандемия жайлы таралып жатқан ақпараттың көптігінен адамдарда коронавирус диагностикасы мен оны емдеу туралы сұрақтары көп. Осыған орай, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы YouTube желісінде үш бөлімнен тұратын сұрақ-жауап айдарын өткізді.

Видео-айдардың бірінші бөлімінде Президенттік клиниканың терапевт-дәрігері Жасұлан Мергенбаев коронавирустық инфекцияны жұқтырған адамдарда кеуде қуысының компьютерлік томографиясын (КТ) жүргізу кезінде өкпедегі өзгерістер қай кезеңде байқалатыны жайлы, КТ сипаттамасындағы «күңгірт шыны» дегеніміз не? Өкпенің 25%, 50% және 75%-ға зақымдануының айырмашылығы неде деген сынды сұрақтарға жауап береді.

Екінші бөлімде коронавирустық инфекция кезінде медициналық препараттарды қолдану, үйде емделу кезінде қандай дәрі-дәрмектерді қабылдау, ал қандай дәрі-дәрмектерді қабылдауға болмайтындығы туралы. Вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер, парацетамол және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (мысалы, ибупрофен), дексаметазон және антикоагулянттар туралы түсіндіреді.

Үшінші бөлімде коронавирустық инфекцияны жұқтыру кезінде ауруханаға жатқызу, ПТР-тесті қашан тапсыру жайлы, дәрігердің тағайындауынсыз оттегі баллондары мен маскаларды пайдалану туралы айтып береді.

Видео-жауаптың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCykBowNqsPCjUpH9vRmDmTA