Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы штаттық режимде жұмыс істейді. Хирургия және терапия бөлімшелерінде жоспарлы және ақылы госпитализация ашылды, диагностикалық блок, аллергология орталығы өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, клиника дәрігерлері пациенттерге онлайн-кеңес беруді жалғастыруда. Ауруханада Колл-орталық жұмыс істейді, ол бойынша 8 (7172) 70-80-90 телефон нөміріне қоңырау шалып, дәрігердің қабылдауына жазылуға және барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық ауруханасы" штаттық режимде жұмыс істейді. Стационар пациенттерді емдеуге жатқызуға келесі профильдер бойынша қабылдауды жалғастыруда: терапия, кардиология, гастроэнтерология, неврология, гинекология, уронефрология, кардиохирургия, нейрохирургия, абдоминалдық хирургия, ЛОР хирургиясы, офтальмология. Стационарға емдеуге жатқызу кезінде белгіленген тексерулердің стандартты тізбесіне қосымша, пациенттерге ұзақтығы 7 күннен аспайтын Covid-19-дағы ПТР нәтижелері болуы керек.
Амбулаториялық пациенттер үшін стационар базасында диагностикалық КТ және МРТ, рентген, физиотерапиялық процедуралар, УДЗ, Функционалдық диагностика қызметтері қолжетімді. Емхана пациенттерді санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Сондай-ақ пациенттерге дәрігерлердің "Онлайн-консультациясы" қызметі қолжетімді, онда пациент үйден шықпай-ақ тәжірибелі, жоғары білікті мамандардың медициналық кеңесін ала алады. Сонымен қатар, емханада Covid-19-ға талдау жасалады. Емхананың ақылы медициналық қызметтер бөлімшесінің базасында УДЗ, ЭхоКГ, ЭКГ, рентген диагностикалық қызметтері қолжетімді және қан анализін алу кабинеті жұмыс істейді. Барлық сұрақтар бойынша Колл-орталыққа 8(727) 261-04-50 нөмірі бойынша немесе тіркеу бөліміне хабарласуға болады 8(727) 261-97-71, 261-27-56, 261-28-69.
ПІБ Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшаларында 10-15 баладан аспайтын топтарды кезең-кезеңімен ашу қайта басталады. Балаларды қабылдау бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізіледі, оның ішінде термометрия, балалардың терісін, жұтқыншағын, мұрнын тексеріп, чек-парақты дәрігер-педиатрлар мен аға мейірбикелер толтырады. Балабақшаларда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейте отырып, коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған шаралар бойынша кәсіпорынның ата-аналарымен және қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Балалар мекемесіне барған кезде ата-аналар кезектілік пен қашықтықты қатаң сақтауы тиіс.
ПІБ – «Оқжетпес» және «Алматы Resort» Медициналық орталығының санаторийлерінде "Covid – 19 кейін оңалту" бағдарламалары әзірленді. Пациенттерді сауықтыру 13 оңалту бағдарламасы және 10 жалпы сауықтыру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Денені сауықтыруға бағытталған процедураларға емдік дене шынықтыру, бассейн, сауна, диетотерапия, қымызбен емдеу, пантамен емдеу, бальнеолмен емдеу, аппараттық физиотерапия, массаж, ішекті тазарту, балшықпен емдеу және басқалары кіреді.
Санаторийде физиотерапиялық емдеу мен оңалтудан басқа ультрадыбыстық терапия, электротерапия, магнитотерапия және лазерлік терапия, электрофорез, емдік массаж, галотерапия, жүзу, климатотерапия, бальнеотерапия сияқты процедуралар қолданылады.
Емдеу-сауықтыру кешендерінің аумағында нәтижелі және жайлы сауықтыру демалысы үшін барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды. Ағзаны сауықтыруға ниет білдірген барлық қонақтар санаторийге зертханалық тексерулердің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болған жағдайда ғана жіберіледі.