Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы сіздерді Ата Заңы күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстан Республикасы Ата Заңы қабылданғанына 25 жыл өтті. Еліміздің Негізгі Заңы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Бұл барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды.
Осы айтулы күнде сіздерге бейбітшілік, мейірімділік, сәттілік пен өркендеу тілейміз. Деніңіз сау, бақытты болыңыз және әрдайым өз еліңізбен мақтаныңыз!