Басты бетБалабақшадағы коронавирустың алдын-алу

Балабақшадағы коронавирустың алдын-алу

ҚР ПІБ Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшасында COVID-19 алдын алу және қорғану бойынша театрландырылған көрініс өтті.

Мектепке дейінгі мекеменің педагогтары мен қызметкерлері балаларға қол жетімді және қызықты түрде коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын көрсетті. Кішкентай көрермендер болып жатқан оқиғаларды бақылап қана қоймай, доктор Айболитпен бірге жаттығуға белсенді қатысты.

Коронавирустың келуі балалар үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ мұнда да мейрімді дәрігер Айболит короновирустан қорқудың қажеті жоқ екенін түсіндіріп, бетперде киіп, адамдармен қашықтықты қалай сақтау керектігін көрсетті. Білімді бекіту үшін "Қолжуғыш" ойындары және "Қашықтықты сақта" эстафетасы өткізілді.

Педагогтар іс-шараны көңілді және қызықты өткізді. Барлық оқушылар өз денсаулығына және жақындары мен достарының денсаулығына мұқият және жауапты болу қажеттілігіне ынталандырылды.

"Қарлығаш" балабақшасында өз денсаулығына саналы және жауапты ұстанымды қалыптастыру бойынша балалармен және ата-аналармен тұрақты түрде күшейтілген жұмыс жүргізілуде.

Алдын алу іс-шарасы балалар үшін тағы бір есте қаларлық оқиға болды, олар өз денсаулығына ұқыпты қараудың пайдалы сабақтарын меңгерді.

PHOTO-2020-09-18-12-37-48.jpg