Басты бетҚазақстанда алғаш рет жануарларды пайдалана отырып лапароскопияны оқыту бойынша практикалық жұмыс...

Қазақстанда алғаш рет жануарларды пайдалана отырып лапароскопияны оқыту бойынша практикалық жұмыс жүргізілді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында "вет" зертханасының ашылу рәсімі және оқыту бағдарламасының іске қосылуы өтті. Робот-ассисттелген хирургияны оқыту бағдарламасы шеңберінде жануарға лапароскопиялық операция жасалды.

Роботты хирургия - бұл ең алдымен пациенттің қауіпсіздігі, соның арқасында жақсы визуалды көрініспен қозғалыстардың жоғары дәлдігіне қол жеткізуге болады.

Фото 1.jpg

-Қазақстандағы Робот-хирургияның дамуындағы келесі кезең - бұл роботтандырылған технологияның трансфері және тәжірибе алмасу, - деді Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин.

Осы 2 жыл ішінде роботтандырылған хирургия орталығын дамытуға орасан зор еңбек жасалды, бүгін біз өз тәжірибеміз бен білімімізді әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз – біз жануарды пайдалана отырып, лапароскопия бойынша оқыту циклдерін бастаймыз. Бұрын Қазақстанда аз инвазивті хирургия бойынша практикалық білім беру курстарында жануарлардың пайдаланылмағанын атап өту маңызды. Бүгін біз хирургтарға адамға операция жасамас бұрын жануардағы хирургиялық процестің 100% көшірмесін модельдеуді ұсынамыз. Лапароскопия бойынша оқытудың бұл кезеңі роботтың көмегімен технологияны игерудегі алғашқы қадам болып табылады", - деді Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин.

Фото 2.jpg

Лапароскопиялық хирургияны оқыту бағдарламасы президенттік клиникада жасалып, бекітілді. Оқу циклі симулятормен жануарды пайдаланатын "вет" зертханасында бір апталық немесе 54 сағат теориялық дәріс сондай-ақ практикалық жұмыстардың 2 түрін қамтиды.

Фото 3.jpg

Естеріңізге сала кетейік, президенттік клиниканың роботтандырылған хирургия орталығы 2018 жылы ашылған болатын. Клиникада роботтандырылған хирургияны енгізу үшін хирургтер мен медбикелер тобы Милан қаласында арнайы оқыту циклынан өтті. Роботтандырылған хирургия орталығы ашылған сәттен бастап осы қондырғыны пайдалана отырып, жалпы хирургия, гинекология және урология саласында 250-ден астам операция жасалды.

Фото 4.jpg