"Оқжетпес" шипажайы "Сапа көшбасшысы 2020" құрмет марапатына ие болды. Дүниежүзілік сапа күні мерекесіне орай "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ санаторийдің жұмысын ерекше атап өтті.
"Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені 50 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Санаторийдің басты басымдықтарының бірі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Бүгінде санаторий халық арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу органдары, тірек-қимыл аппараты, ас қорыту, қан айналымы, эндокриндік және жүйке жүйесі аурулары, урологиялық және гинекологиялық аурулары бар пациенттерді емдеу және оңалту жүргізіледі.
Санаторий мен оның қызметкерлерінің табысты жұмысымен емдеуді ұйымдастырудағы жетістіктерінің бір дәлелі бұл- халықаралық марапаттарды иеленуі.
Оқжетпес шипажайын құрметті және лайықты марапатымен құттықтаймыз!