Басты бет«Педагог көшбасшылығы» республикалық online-семинары

«Педагог көшбасшылығы» республикалық online-семинары

        Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшасы базасында "Педагог көшбасшылығы" тақырыбында республикалық online - семинар өтті. Онлайн іс-шараның мақсаты - мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтарының негізгі кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелерін талқылау болды.

        Семинар еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру саласының практикалық қызметкерлері бас қосып, педагог көшбасшылығына қатысты өз көзқарастарымен бөліскен пікірталас WEB-алаңы болды. Семинарға Қазақстан мен таяу шетелден 350-ден астам маман қатысты.

Семинардың негізгі ұйымдастырушысы және модераторы - ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның Ресурстық-білім беру орталығы.

1.jpg

         Семинар жұмысына «Астана» халықаралық ғылыми кешені мен Еуразия гуманитарлық институтының өкілдері, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ директоры Р.Ж.Базарбаева, «Халықаралық құзыреттер академиясы» ЖШС директоры, профессор, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты Л.У.Асылбекова қатысты.

        «Қарлығаш» балабақшасының құрметті қонағы және серіктесі ретінде ресейлік әріптестер - Мәскеу мектепке дейінгі білім беру педагогикалық академиясының проректоры, п.ғ.к., РФ Білім министрлігінің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі сарапшысы О.Е.Веннецкая мен РБА-ның (РАО) мектепке дейінгі білім беру жөніндегі сарапшысы, п.ғ.к., МГПУ кафедрасының доценті, «Замок Детства» балабақшасы (Мәскеу облысы) меңгерушісінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.А. Данилина шақырылды.

         ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ директоры Р.Ж.Базарбаева 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту мәселесі туралы баяндама жасады. Ол "Рухани жаңғыру", "Туған жер", "Өзін-өзі тану" және "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" бағдарламалары негізінде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін ашты.

3.JPG

        ЖОО өкілдері PhD Алиева А.Я. («Астана» халықаралық университеті), психология ғылымдарының докторы, профессор Изакова А.Т. (ЕАГИ) мектепке дейінгі білім берудегі педагог құзыреттілігі және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасы студенттерінің   көшбасшылық қасиеттерін дамыту мәселелері туралы әңгімелеп берді. Олар студенттік көшбасшының психологиялық портретін ашты, бұл үшін қандай әдістер қолданылады.             А.Я. Алиева «Астана» халықаралық университеті мен ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» бақшасы» ШЖҚ РМК арасында кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелеріндегі өзара іс – қимыл туралы қысқаша айтып берді.

       Семинардың құрметті қонағы, «Қарлығаш» балабақшасының серіктесі – «Развивающие игры Воскобовича» ЖШҚ бас директоры В.В.Воскобович ( Санкт-Петербург) мектепке дейінгі білім беру педагогтері үшін жаңа білім беру стратегиялары туралы, тьюторлар қызметінің мақсаттары, міндеттері мен бағыттары туралы және педагогтің көшбасшылық құзыреттілігін дамыту құралы ретіндегі тьюторлық қозғалыс туралы сөз қозғады.

       Пікірталасқа мектепке дейінгі ұйымдардың жетекші меңгерушілері Н.Г.Юсупова (Нұр-Сұлтан қ.) мен М.Т.Дарбаева (Петропавл Қ.), сондай-ақ өңірлердің (Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл облыстары) және Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармаларының өкілдері белсенді атсалысты.

         ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК директоры Гүлнар Искакованың айтуынша, білім беру процесінде көшбасшыларды қалыптастыру - әрбір мектепке дейінгі ұйымның стратегиялық міндеті. Педагогикалық салада көшбасшылықты көрсету үшін маманның бойында ұйымдастырушылық қабілет, коммуникативті дағдылар, кәсіби құзіреттілік пен жеке қасиеттер, педагог харизмасы үйлесім табуы қажет. Көшбасшылық - кәсіби педагог маманның бойынан табылуға міндетті бірден-бір қасиет. Мұғалім басқаларға білім мен тәжірибе беретін тұлға. Бүгінгі таңда педагог - адамдармен қарым-қатынас жасайтын, баланың дамуын басқару үшін онымен өзара байланыс орнататын және нәтижелі қарым-қатынас жасайтын менеджер. Осы ұстанымнан айнымаған   педагог - кәсіби көшбасшы.

2.jpg

        «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының өкілі Н.К.Базарбаева (Петропавл қаласы) өткізген   «4К моделі - педагог кәсібилігін дамыту құралы» тақырыбындағы шеберлік-класы   қатысушылардың айрықша ықыласын аударды. Семинар барысында «Қарлығаш» балабақшасы мамандарының практикалық көрсетілімі өткізілді, онда балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытудың қағидаттары мен тәсілдері ашып көрсетілді.

        Республикалық семинар ресейлік әріптестермен өзара кәсіби қызығушылықты нығайта отырып, пікірлес адамдармен практикалық тәжірибесі алмасудың және аймақтық мектепке дейінгі ұйымдармен ынтымақтастық орнатудың алаңына айналды.

         Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасына қатысушылар семинар қорытындысы бойынша тақырыптың маңыздылығын және семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, ғылыми ынтымақтастыққа және осындай кездесулерді жалғастыруға ниеттерін білдірді.