Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлеріне мемлекеттік марапатты табыстау

ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлеріне мемлекеттік марапатты табыстау

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды табыс етті. Өз сөзінде басшы барлық қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын атап өтті.

-29 жыл бұрын 1991 жылдың 16 желтоқсанында жаңа егемен және Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келуі атап өтілді. Осындай аз ғана тарихи кезеңде Қазақстан халқы ортақ күш-жігерінің арқасында демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды. Тәуелсіздік күні- әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке. Ол біздің мемлекетіміздің еркіндігі, әл - ауқаты мен құдіретінің символы болып саналады, - деді Сәуле Кисикова.

Фото 1 ко Дню Независимости вручение.jpg

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін "Құрмет" орденімен "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" ММ басшысының орынбасары Сейтенов Серік Сайлаубайұлы және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК қызметінің басшысы Жүсіпова Айнаш Ахайқызы марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" ММ бас бухгалтері Елкеева Сәуле Бабанқызы және "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК дәрігерлері Әшімов Болат Ташкенбайұлы, Зубань Сергей Александрович, Шақабаев Бағдат Оразұлы марапатталды.

Фото 2 ко Дню Независимости вручение.jpg

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК медбикесі Сәуле Арыстанбекқызы Алдықова және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Орталық клиникалық аурухана" АҚ медбикесі Бибігүл Сембайқызы Әлібекова марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен, оның ішінде "Еңбек ардагері" медалімен дәрігер Старцева Элеонора Константиновна және ҚР ПІБ МО "Орталық клиникалық аурухана" АҚ аға рентген-зертханашысы Бычина Татьяна Николаевна марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының наградалары ретінде 7 қызметкер Құрмет грамотасымен және 5 қызметкер Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының алғыс хатымен марапатталды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының марапаттарымен, оның ішінде "Үздік еңбегі үшін" төсбелгісімен (7 қызметкер), Құрмет грамотасымен (43 қызметкер) және Медициналық орталық басшысының Алғыс хатымен (39 қызметкер) марапатталды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барлығына денсаулық, амандық және үлкен табыстар тілейді!

Фото 3 ко Дню Независимости вручение.jpg