Бүгін біз сіздерге Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургі Марат Аманғалиұлы Саршаевтың тәжірибесіндегі қызықты жағдай туралы айтып бергіміз келеді.
Омыртқааралық жарық/грыжа/ -бұл омыртқаның жарақат алуынан немесе ауыр салмақ түсу салдарынан пайда болатын қауіпті ауру.
Совминка Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия орталығына жас жігіт (1980 жылы туған) бел аймағындағы қатты ауырсыну туралы шағыммен жүгінді, ауру сезімі рның сол аяғына беріліп, жүру кезінде қатты ыңғайсыздық тудырған. Оның үстіне аяғы ақсап қалған. Екі жыл бойы пациент консервативті ем қабылдады, алайда жақсы нәтиже болмады .
Зерттеу жүргізгеннен кейін «омыртқа аралық дискінің жарығы» клиникалық диагнозы қойылды . Біздің нейрохирургтар науқасқа ота жасауды ұсынды және ол келісті.
СОВМИНКАНЫҢ үздік нейрохирургтарының араласуымен операция сәтті өтті. Жарықты алып тастады (минималды инвазивті операция – терінің 1 см-ге дейін кесілуі). Операция аяқталғаннан кейін 2 сағаттан соң науқас аяғынан тұрып, алғашқы қадамдарын ауыртпалықсыз жасай алды!
Науқас стационарда 4 тәулік бойы емдеуші дәрігердің және нейрохирургия орталығының барлық медициналық қызметкерлерінің қатаң бақылауында болды, содан кейін шығарылды. 2 аптадан кейін тағы тексерістен өтті.
СОВМИНКА Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия орталығының хирургтары жүргізетін аз инвазивті операциялар емделушілерге күнделікті өмірге барынша тез оралуға және оңалту кезеңін ұзаққа создырмауға мүмкіндік береді. Ашық, қарапайым қол жетімді операция кезінде (тері кесу – 5 см) оңалту кезеңі 1 ай немесе одан да көп.
Қазір науқас толыққанды, белсенді өмір салтын ұстанады. Біздің мамандардың арқасында ол аяғынан тік тұрды !