4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Оның басты міндеті — қоғамның назарын онкологиялық аурулар проблемасына аудару, адамдардың хабардар ету. Бүгінгі күні дәрігерге уақтылы қаралу арқылы қатерлі ісікті жеңуге болады.
Серік С. бізге СОВМИНКА Орталық клиникалық ауруханасының онкохирург дәрігерлерімен біргіе осы дерттен қалай емделгені туралы айтып берді.
2020 жылдың қыркүйегінде науқас тік ішек қатерлі ісігі диагнозымен онкохирургия бөліміне түсті. Қысқа мерзім ішінде оған 2 операция жасалды. Тік ішектің қатерлі ісігі қатерлі ісіктер арасында ең көп таралған аурулардың бірі. Зерттеу нәтижесі, бұл аурудың онкологиялық аурулар арасында үшінші орында екенін көрсетеді.
Бұрынғы әскери прокурор, запастағы полковник Серік С. ауруды жеңуге өз отбасымен біріге бел буды. Осылайша екі рет операцияға баруға шешім қабылдады. Ол "Шебер дәрігерлердің" қолына түстім дейді. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург, онколог - Абзал Естай Шайхибекұлы және онкохирург, онкоуролог, жоғары санатты дәрігер-онколог- Кеңесбаев Ержан Мәулітбекұлы, олар қажетті аз инвазивті операцияны сәтті өткізген.
Сондай-ақ, Серік С. онкохирургия бөлімінің барлық қызметкерлеріне кәсібилігі, жеделдігі және барлық пациенттерге деген көзқарасы үшін алғысын білдірді!
2021 жылдың 1 ақпанында Серік С. үйіне шығарылды! Ең бастысы, қазір ол сау және белсенді, толыққанды өмір салтына оралды. Біраз уақыт дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.
СОВМИНКА Орталық клиникалық ауруханасы - әр азаматқа қол ұшын созады.