Басты бет«Инновациялық сабақ-2020»

«Инновациялық сабақ-2020»

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» бала бақшасының педагогтары «Инновациялық сабақ-2020» республикалық байқауына қатысты. Білім беру саласының қызметкерлері үшін ұйымдастырылған байқау «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми - педагогикалық журналында жарияланды. Осынау  іс-шара аясында тәрбиешілер С.Б.Махамбетова мен Э.А.Шаукерова педагогикалық байқауларға белсенді қатысып, кәсіби шеберліктері және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсеткені үшін «Үздік зерттеуші ұстаз» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды.

Педагогикалық тәжірибе трансферті аясында логопед Б.Шарипова «Педагог жаршысы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Мнемотехника – жалпы сөйлеу  тілі дамымаған  балалардың тілін дамыту үшін табысты әдіс» тақырыбы бойынша мақала жариялады.

Өз білімдерін жетілдіру шеңберінде Кәсіпорынның 14 педагогі «МЦФЭР – Қазақстан» білім беру орталығы ұйымдастырған «Балаларды ерте дамыту әдістемелері: Масар Ибука, Глен Доман және Никитиндер отбасы бойынша оқытудың теориясы мен практикасы»  оқу вебинарына қатысты.

Біз педагогтарымызды шын жүректен құттықтаймыз, денсаулық пен кәсіби табыс тілейміз!

Фото Карлыгаш Инновационный урок.jpg